Шалғайдағы елді мекендерге телефон желісі тартылды

ОРАЛ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында байланыс құралдарының жетілдірілген түрі – СДМА-450 құрылғысы орнатылып, аралары 30-35 шақырым елді мекендерге «Терминал» телефон желісі тартылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мұндай телефондар үшін сым тартып, бағана тұрғызудың қажеті жоқ. Сымсыз байланыс деген осы. Тек Базаршолан ауылының өзінде 37 отбасы осындай телефонға ие болды. Енді елді мекен тұрғындарының жартысына жуығы алыс-жақын жерлермен тікелей байланысқа шыға алады. Тайпақ байланыс орталығының шебері Қазым Ерсайынның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта үш жүздей «Терминал» телефоны орнатылмақ. Сонда көрші елді мекендердің көпшілігінде байланыс жақсарады деген сөз. Әсіресе, ең шалғай елді мекен Сарытоғай округіне телефонды көбірек бөлу ойластырылуда.
Соңғы жаңалықтар