Шалғайдағы қыстақта малға қасқыр тиіп, едәуір шығынға ұшыратты

ОРАЛ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Жаңақала ауданы ПМК қыстағында бағылатын «Айдархан» ЖШС-ының еркек тоқты отарына қасқыр тиіп, біраз шығынға ұшыратты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Далада жайылып жүрген малға шабуыл жасаған ит-құс 12 ешкі мен 24 тоқтыны жарып өлтіріп, 80-ге жуығын жаралап кеткен. Оның біразы лажсыздан сойылды. Қалғаны емделіп, күтуге алынды. Жалпы, Батыс Қазақстанда қасқыр азаймай тұр.
Соңғы жаңалықтар