Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шалғайдағы мал жайылымдықтарында су, электр жабдығы мен ыңғайлы үйлер болады - Павлодар

ПАВЛОДАР. 20 маусым. ҚазАқпарат - Павлодарда отарлы мал шаруашылығын дамытуға арналған семинардың қатысушыларына шопандар үшін жабдықталған ыңғайлы үйлер, күн батареялары мен су жеткізетін құрылғылар көрсетілді.

Шалғайдағы   мал жайылымдықтарында су, электр жабдығы мен ыңғайлы үйлер болады - Павлодар

Өңірде «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша биыл отарлы мал шаруашылықты құру бойынша ілкі жобаны іске асыру басталды. 50 жайылым учаскесінде жалпы көлемі 150 млн. теңге қаражатқа 7,5 мың бас қой сатып алынады, отарлы мал шаруашылығын  инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге 150 млн. теңге бөлінеді.

Сондай-ақ облыс әкімі Ерлан Арын атап өткендей, шалғайдағы мал жайылымдығы мал шаруашылығын дамытуда маңызды, өңірде кем дегенде 300 учаскені орналастыруға болатын  пайдалы жер бар.

Өңір басшысы өз сөзінде  экономиканың аргарлық саласын одан әрі көтеру - мал шаруашылығын, оның ішінде өңірдегі асыл тұқымды қой шаруашылығын дамыту, мал басын арттыру  жұмыстарын жалғастыру қажеттілігін атап өтті.