Шамалғандағы аумақты патрульдік полиция неге қадағаламаған – Тұрғымбаев жауап берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қозғалыс көп болатын аумақты патрульдік полиция неге қадағаламаған? Бұл сұраққа Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шамалғандағы аумақты патрульдік полиция неге қадағаламаған – Тұрғымбаев жауап берді

«Бүгінгі таңда бізде жол полициясы жоқ. Патрульдік полиция ғана бар. Көліктердің кептелісі өздеріңіз білетіндей, кез келген қалада, барлық жерде болады. Қаланың ішінде де, сыртында да... сағат 17.00-19.00 аралығында азаматтардың көбі жұмыстарынан шығады, балабақша мен мектептен балаларын алып қайтады. Бізде полиция қызметкерлері жетіспейді. Сондықтан, біз тек мектептер мен балабақшалардың жанында, үлкен көшелердің қиылысында патрульдік полицейлерді қоямыз», - деді Ерлан Тұрғымбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, кеше Шамалған станциясында пойыз бен автобус соқтығысқан болатын. Алдын ала болжам бойынша, автобус темір жолдың рельсіне шығып кеткен.