Шәмші кеші шырайлы өтті

АСТАНА. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат - Астанадағы «Конгресс-Холл» сарайында қыркүйектің 18-і күні ұлы сазгер, Қазақстанның халық әртісі,
None
None

Мемлекеттік Әнұранның сазын жазған Шәмші Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған мерекелік ән кеші болып өтті.

Өнерсүйер қауым қазақтың кең даласын ұлттық бояуы мол әндерімен тербеген сазгердің әрбір шығармасын қошеметпен қарсы алып отырды. Елімізге танымал әртістер Тұңғышбай әл-Тарази, Мақпал Жүнiсова, Гүлмира Ақүрпекова, Жеңіс Ысқақова, Айкерім Қалаубаева, Әбдіхан Бескемпірұлы және басқа да өнер иелері сазгердің сырға толы әндерін тамылжыта шырқады. «Каспий» тобының жігіттері де ән кешінің шырайын келтірді.

Осы кешті ұйымдастырған Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегерi, танымал композитор Қалдыбек Құрманәлi екенін айта кеткен жөн.

Соңғы жаңалықтар