Шаңғымен бағдарлаушылар эстафетадан алтын медаль алуды жоспарлап отыр
Бұл туралы 7-Қысқы Азия ойындарының баспасөз орталығының интернет сайтында жазылды.
В. Телманов, «мақсатымыз айқын - тек алтын алу. Командамыздың басты қарсыласы - спортшыларымыздың өзі. Соңғы нүктелерге табысты жету тек соларға байланысты. Жалпы, құрамамыздың көңіл-күй тамаша, Азиадада алты рет жеңімпаз атандық, біздің шаңғы бағдарлау спортында әлі барлық алтынды ұтып алуға толық мүмкіндігіміз бар», деп отыр.
Жалпы Солдат сайдағы шаңғы-биатлон стадионында өтіп жатқан 7-Қысқы Азия ойындарында бұған дейін 4 медальдар топтамасы салынды. Онда қазақстандықтардан Михаил Сорокин мен Ольга Новикова 3 дүркін Азия чемпиондары атанды. Ал Евгения Кузмина 1 күміс, 2 қола медальдің иесі болса, Александр Бабенко, Виталий Лиличенко, Алексей Немцев күміс жүлдегер атанды. Бүгін енді ақырғы 2 медальдар топтамасы ерлер мен әйелдер эстафетасында бөліске түсетін болады.