Шанхай билігі: жаңа жылдық кептелісте ажал құшқандардың көбі - әйелдер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанхай билігі жаңа жылғы түнде Вайтань жағалауындағы кептеліс кезінде қаза тапқан 36 адамның 32-сінің тізімін жариялады. Онда мерт болғандардың көпшілігі әйелдер (21) екені атап өтілген.
None
None

Құрбандардың ішінде екі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім бар, олардың біреуі небәрі 12-де, деп хабарлады ТАСС.

Қайғылы оқиға жаңа жыл түнінде сағат 23:35-те Шанхайдың көрікті жерлерінің бірі - Вайтань жағалауында орын алды.

Келеңсіз жағдайды тергеу үшін төрт арнайы жұмыс тобы құрылды.

Соңғы жаңалықтар