Шанхай биржасында акция құнының арзандауы салдарынан сауда уақытша тоқтатылды

Жергілікті уақытпен сағат 15-ке қарай қытайдың 300 жетекші компания акцияларының көрсеткіштері негізінде құрылатын CSI300 индексі бірден 7 пайыздық пунктке төмендеді. Бұл сауданың автоматты түрде уақытша тоқтауына әкеп соқты. Дүйсенбіде қытайлық биржалар жұмыс істемейді.
Сауданың автоматты түрде уақытша тоқтау жүйесі 2016 жылдың басында енгізілген және алғаш рет іске қосылды.
Сарапшылар акциялардың құлауын Қытайдың индустриялық көрсеткіштері өсімінің аса жоғары болмауымен байланыстырды.
Сонымен қатар, акциялардың құлдырауына қытайлық экономика өсімінің бәсеңдеуі және биыл жазда юаньның девальвациясынан кейін енгізілген ірі компаниялардың акцияларын сатуға тыйым салу шешімінен бас тартуды күту де әсер етті. Қытайдағы құлдырау токиолық биржада сезіледі, мұнда Nikkei индексі шамамен 3%-ға құлады.
Өткен жазда Қытайдағы биржа индекстерінің құлауы бүкіл Азияға және аймақпен байланысы бар елдерге кері әсерін тигізген болатын.