18:36, 22 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Шанхай метросында екі жолаушы пойызы соқтығысты
АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат - Шанхай метросының ең қарбалас желілерінің бірінде екі жолаушы пойызы соқтығысты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға таңертең шанхайлық метрополитеннің бірінші желісінде - жолаушы пойыздарының бірі алда кетіп бара жатқан құраммен соқтығысқан кезінде болды. Алдын ала деректер бойынша апатқа электр жабдықтарындағы ақаулар себепші болған.
Соқтығысу салдарынан бірнеше адам зардап шекті, екі құрам да айтарлықтай бүлінген. Қазіргі уақытта оқиға болған метро желісі толықтай жабылған.