Шардара ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Шардара аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Шардара ауданының әкімі лауазымына Болатбек Дүйсенбекұлы Қыстауов тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жаңа әкімді аудан активіне облыс әкімі Ж.Түймебаев таныстырып, лауазым иесінің жұмысына табыс тіледі.

Мемлекеттік қызметте, партия жұмысында мол тәжірибесі бар білікті басшы ретінде жаңадан тағайындалған аудан әкіміне өңір басшысы бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Мәселен, инвестиция тарту бағытындағы жұмыстарды жандандыруды, туризм индустриясын дамытуды және жол бойындағы сервисті заман талабына сәйкестендіріп дамыту қажеттігін, ауданда жұмыссыздық  деңгейін барынша төмендетуді, мүгедектердің өмір сүру жағдайын  жақсарту үшін қолайлы орта құруды міндеттеді. Сонымен қоса, ауданның әлеуетін ескере отырып, шағын және орта бизнеске қолдау білдіріп, кәсіпкерлікті дамытуды  және ауыл шаруашылығы саласында жаңа технологияларды қолдана отырып дамытуды айтты. Сондай-ақ, жақын арада ауданның  даму жоспарын жасап, облыс әкімдігінде таныстыруды тапсырды.                                                                              

Айта кетейік, Б.Д.Қыстауов 1973 жылы 15 тамызда туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист.

Еңбек жолын 1990 жылы Ленин ауданы «Күйік» асыл тұқымды зауытының асыл тұқым бөлімінің есепшісі болып бастаған. 1995-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі экономика басқармасының жетекші маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі қаржы басқармасының бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім бастығы, Төлеби, Қазығұрт аудандық қаржы бөлімдерінің меңгерушісі, Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары, Қазығұрт ауданының әкімі ретінде еңбек еткен.

2016 жылдың сәуір айынан бастап «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар
telegram