Шардарада аналар мәжілісі ұйымдастырылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында аналар мәжілісі өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Бір қолымен бесік, бір қолымен әлемді тербеткен ақ жаулықтылардың қоғамдағы орны ерек. Шаңырақтың шаттығы мен берекесін тербеткен шардаралық аналар алқалы жиын өткізді.

Мәжілісте ел тәуелсіздігі дәріптеліп, ширек ғасырда жеткен жетістіктер айтылды. Мектеп оқушылары тарапынан концерттік бағдарламалар қойылды. Басқосуды «Аналар кеңесінің» аудандағы мүшелері ұйымдастырды.  Орталық кітапханада өткен шарада  шардаралықтардың ширек ғасырда жеткен жетістігі дәріптеліп, бағындырған белесі екшелді. Айту керек, бұл жылдары аудан әлеуеті 10 есеге артты. Қазірдің өзінде 7 млрд. теңгеге жуық қаражаттың өнеркәсіп өнімдері өндіріліп жатыр. Инвестиция икемдеуде де іс ілгері басқан.

Әлеуметтік саладағы жетістіктер демографиялық өсімге де оң ықпалын тигізіп отыр. Ел тыныш, жұрт аман. Халықтың қарны тоқ, көйлегі көк. Көңілі жайланған ақ жаулықты батыр аналар да мемлекет қолдауына ие.

Шара барысында Елбасы еңбегі жайлы кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Жас өнерпаздар концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Бейбітшіліктің бесігінде тербелген еліміздің тыныштығы бұзылмай, алға қарай қарыштап дами беруіне аналардың қосар үлесі орасан екенін екінің бірі жақсы біледі. Өйткені, ана үйдің ұйытқысы, елдің берекесі. 

Соңғы жаңалықтар