Жаңа туристік жол Шарын шатқалын «Таңбалы» қорық-музейімен байланыстырады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «Alatau Amanaty» ауқымды жобасы ұзындығы 1200 шақырымнан асатын туристік экожолды абаттандыруға бағытталған. Экологиялық маршрут Іле Алатауының көркем жоталарымен өтіп, Шарын шатқалын «Таңбалы» қорық-музейімен байланыстырады. Бұл туралы «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы» АҚ мәлімдеді.

Жаңа туристік жол Шарын шатқалын «Таңбалы» қорық-музейімен байланыстырады
Фото: charyn-park.kz

Оның бойында этноауылдар, глэмпингтер, кемпингтер мен гастрономиялық туризм нысандарын салу жоспарланған. 

Бүгінде маршруттың негізгі аялдамалары туристер үшін тартымды нүктелерге айналып отыр. 

Олардың қатарында: «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Көк-Жайлау шатқалы, Бутаковка сайы, Алма-Арасан ыстық бұлақтары, Үлкен Алматы көлі, VIII–XIII ғасырлардағы Талхиз қалашығы және Oi-Qaragai тау курорты бар, бағыттағы негізгі аялдамалар туристердің қызығушылығын тудырып отыр. Атап айтқанда: «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Көкжайлау шатқалы, Бутаков шатқалы, Алма-Арасан ыстық бұлағы, Үлкен Алматы көл және тағы басқалары.

Бастаманы «Kaz Alpine Club» қоғамдық ұйымының белсенділері танытты. Жоба «AMANAT» партиясының, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының, Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктерінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

Бұған дейін хабарланғандай, еліміздің негізгі табиғи ландшафттарын қамтитын ұлттық туристік соқпақтар жүйесі – «Алатау аманаты» жобасы іске қосылған болатын.

Айта кетейік, елімізде ішкі туризмді қолдау мақсатында мемлекет кәсіпкерлерге жеті бағыт бойынша өтемақы мен субсидия беретінін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар