Шарында фототұзаққа борсық түсіп қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзаққа борсық түсіп қалды. 

Шарынды фототұзаққа борсық түстіп қалды
Фото: видеодан алынған скрин/ ЖИ-мен өңделген

Борсық көбіне ымыртта және түнде белсенді болғанымен, бұл жолы камера оны күндіз тіркеген.

Борсықтың тағы бір қызық ерекшелігі — оның іні. Жер астында бірнеше кіреберісі мен бір-бірімен жалғасқан жолдары болуы мүмкін. Бір інді бірнеше ұрпақ пайдаланып, ол ондаған жыл бойы сақталуы мүмкін. 

Айта кетелік Катонқарағай паркінде ілбістердің сирек кездесетін түрлері фототұзаққа ілінген еді