Шаштараз түрме бастығын өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстанның Куляб округінде тергеу изоляторында шаштараз болып жұмыс істейтін сотталушылардың бірі аталған изолятордың бастығын бауыздап жіберген. Бұл туралы «Авеста» хабарлайды.

Шаштараз түрме бастығын өлтірді

Алдын ала мәліметтер бойынша, тергеу изоляторының бастығы Каюм Умаровты Умед Тешаев есімді жазасын өтеуші өлтірген. Ол кісі өлтіру фактісі бойынша 17 жылға сотталған болатын. Атап айқанда, ол былтыр Абдурасул Әлиевтің денесіне 54 рет пышақ салып өлтірген. Оқшаулағышта отырған Тешаевті колонияға қашан жіберу тиіс болғандығы туралы әлі хабарланған жоқ.

«Озоди радиосының» таратқан хабарламасында айтылғанындай, тергеу изоляторының бастығы мен қандықол қылмыскердің арасында жанжал тууы мүмкін. Каюм Умаров аталған оқшаулау орталығын соңғы 15 жыл басқарып келген екен.