Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
БҰХАРА. KAZINFORM – Бұхарадағы бейресми кездесу барысында Өзбекстан президенті Мемлекет басшысына архив материалдарын табыстады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, Қазақстан тарапына Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи және Рәбия Сұлтан бегім кесенелеріне қатысты 1920-1950 жылдары Өзбекстанда табылған құнды құжаттар, сызбалар және фотосуреттер берілді.


Бұл құжаттардың көбі бүгінге дейін ғылыми айналымға түспеген және тарихи-мәдени құндылығы зор.


Бұған дейін Мемлекет басшысының Өзбекстанға жұмыс сапарымен барғанын жазған едік. Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешенін аралады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен Бұхарада бейресми кездесу өткізді.