Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі қарсыласы әйгілі Камару Усман болады

АСТАНА. KAZINFORM - UFC-де әлемге танылған қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов кезекті кездесуін жартылай орта салмақта (77 келіге дейін) UFC чемпионы титулының бұрынғы иегері нигериялық Камару Усманға қарсы өткізеді.

Шавкат Рахмонов
Фото: Sports.kz

Жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ) 8 желтоқсанда өтетін UFC 310 турнирінде ұйымдастарылады, деп хабарлайды Sports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Red Corner MMА арнасы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

UFC 310 турнирінде Шавкат орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммадпен жұдырықтасуы керек болатын. Алайда америкалық-палестиналық жекпе-жек шебері денсаулығына байланысты жарысқа қатыса алмайтын болды. Осыған байланысты көптеген жекпе-жек шеберлері, соны ішінде Камару Усман да қазақ спортшысымен күш сынасуға дайын екенін мәлімдеді.

Осыған дейін Шавкат Рахмонов пен Белал Мухаммад арасындағы жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін екені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар