Шайба хоккейінен Қазақстан чемпионаты жалғасуда
trong>Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Асылбек Қасымхан/ - Шайба хоккейінен Қазақстан чемпионаты жалғасуда.
Бүгін атыраулық "Бейбарыс" командасы көкшетаулық "Арлан" командасын 6:0 (1:0, 4:0, 1:0) есебімен ойсырата жеңіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан шайба хоккейі федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Арлан" командасы тек матчтың бірінші кезеңінде ғана қарсылық көрсете алды. Екінші кезеңінде қорғанысы бұзылып қарсыласына мүмкіндік жіберіп алды. Ойынның үшінші кезегінде атыраулықтар басымдылықтарын көрсетті.
Ал Астанада өткен сайыста "Барыс" Рудныйдың "Горняк"командасына үлкен айырмашылықтағы есеппен жеңіліс тапты. 1:5 (1:1, 0:2, 0:2).
Қазан айының алтыншы жұлдызындағы турнирдің кестесінде 11 ұпаймен қарағандылық «Сарыарқа» алда келеді. Бейбарыс» және «Ертіс-Павлодар» 10, 7 ұпайлармен келесі орындарды иеленді.