Шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан қыздар құрамасы жарияланды

АСТАНА.KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан қыздар құрамасының IIA дивизионында өтетін әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиыны аяқталды.

қыздар
Фото: Федерацияның баспасөз қызметі

Федерацияның баспасөз қызметі мәліметінше, турнир 19-24 қаңтар аралығында Түркияның Ыстанбұл қаласында өтеді. Бапкерлер штабы әлем чемпионатына қатысатын құрамды жариялады.

Қақпашылар:

Раксалана Мамешева, Арина Павловская (екеуі де - «Айсұлу Таңдаулы», Алматы), Мария Яковлева («Торпедо», Өскемен);

Қорғаушылар:

Зере Жұмаш, Анастасия Фомина (екеуі де - «Айсұлу Таңдаулы», Алматы), Ева Иншакова, Ульяна Куклина (екеуі де - «Торпедо», Өскемен), Рената Лившиц, Калима Нигматуллина, Виолетта Тимон (барлығы - «Юность Грация», Қарағанды);

Шабуылшылар:

Медина Берікова, Аяулым Бралина, Эвелина Емцева, Регина Какаулина, София Муравьева, Анфиса Новикова, Василиса Шуклина (барлығы - «Айсұлу Таңдаулы», Алматы), Алина Жакулина, Анна Климова (екеуі де - «Юность Грация», Қарағанды), София Зубкова, Томирис Саяхатқызы, Злата Попова, Айдана Рахатқызы (барлығы - «Торпедо», Өскемен).

Айта кетейік, қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді.

Соңғы жаңалықтар