Шайбалы хоккей: Бүгін Қазақстан құрамасы Жапониямен ойнайды

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Шайбалы хоккейден «Нагано кубогы-2010» халықаралық турниріне қатысып жатқан Қазақстан құрамасы бүгін айдын иелері - Жапониямен ойнайды,

Шайбалы хоккей:  Бүгін Қазақстан құрамасы Жапониямен ойнайды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, Наганода біздің команда Дания, Словения және Жапония құрамаларымен бір топта өнер көрсетуде. Аталмыш турнир аясындағы бірінші матчын кеше Даниямен өткізген жерлестеріміз, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс шайбаларының авторлары - Вадим Краснослободцев пен Алексей Коледаев.

Қазақстан құрамасы үшін «Нагано кубогы-2010» турниріне қатысу ағымдағы жылдың мамыр айында Германияда өтетін жоғары дивизиондағы командалар арасындағы әлем чемпионатына дайындық сатысы болып табылады. Құраманың бас бапкері Андрей Шаяновтың айтуынша, команданың басты міндеті - Нагано кубогын жеңіп алу. Ал, стратегиялық мақсат - құрама ойыншыларының басын қосып, олардың әлем чемпионаты алдындағы дайындығын пысықтау.

Турнир ақпанның 13-і күні аяқталады.