Шайбалы хоккей: "Қазақмыс" командасы ел чемпионатында көш бастады

АТЫ. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Шайбалы хоккейден Сәтбаев қаласының "Қазақмыс" командасы ел чемпионатында көш бастады,

Шайбалы хоккей: "Қазақмыс" командасы ел чемпионатында көш бастады

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Шайбалы хоккей федерациясының баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

 XVIII чемпионаттың алғашқы туры қыркүйектің 24-і күні  басталды. Онда  "Ертіс-Павлодар" мен "Сарыарқа (3:2) "Горняк" пен "Бейбарыс" (2:5), "Қазақмыс" пен "Қазцинк-Торпедо"( 9:4) өзара кездескен болатын. Сенбі күні қарымта кездесуде  де  атыраулықтар рудныйлықтарды 3:1,  сәтбаевтықтар фарм-клубын 5:4 есебімен ұтып,  павлодарлықтар қарағандықтылықтарға 1:2 есебімен есе жіберіп алды.  Ал кеше Астанада  жергілікті "Барыс-2" командасы көкшетаулық  "Арланнан" 3:5 есебімен жеңілді.  Бұл ел чемпионатына биыл жаңадан қосылған көкшетаулықтардың тұңғыш жеңісі. Екі ойыннан кейін мергендер көшін  қоржынына бес-бестен ұпай жинаған "Қазақмыс" командасының ойыншылары  В. Токарев пен С. Банашков бастап келе жатыр.