Шайбалы хоккей: Қазақстан құрамасы Германияда өтіп жатқан Әлем чемпионатында «А» іріктеу тобындағы қорытынды ойынын өткізді
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат - Қазақстанның шайбалы хоккейден құрамасы Германияда өтіп жатқан Әлем чемпионатында «А» іріктеу тобындағы қорытынды ойынын өткізді,
деп хабарлады ҚазАқпаратқа Қазақстанның Шайбалы хоккей федерациясынан.
Андрей Шаянов жетекшілік ететін команда бүгін түнде Словакия құрамасынан жеңіліп қалды, есеп 1:5.
Қазақстан құрамасының жалғыз шайбасының авторы - Евгений Дударев, бұл Евгенийдің чемпионаттағы үшінші голы.
Осылайша, қазақстандық хоккейшілер «А» тобында Ресей, Словакия және Беларус командаларына есе жіберіп, соңғы, төртінші орынды қанағат тұтты. Ал аталған үш команда чемпионаттың келесі айналымына шықты.
Біздің жігіттер енді шайбалы хоккейден әлемдік біріншіліктің топ-дивизионында қалу құқығы үшін күреседі. Мұндағы алғашқы кездесуде қазақстандықта АҚШ құрамасымен кездеседі, ойын мамырдың 15-інде өтеді. Ал мамырдың 16-сында Қазақстан құрамасы Италия командасымен, ал мамырдың 18-інде -француздармен ойнайды.