Шайбалы хоккей: Қазақстан құрамасы қысқы олимпиаданың іріктеу турнирі аясындағы алғашқы ойынында жеңіліп қалды

АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы 2010 жылғы қысқы олимпиада ойындарының іріктеу турнирі аясында алғашқы матчын кеше Норвегиямен өткізіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Шайбалы хоккей: Қазақстан құрамасы қысқы олимпиаданың іріктеу турнирі аясындағы алғашқы ойынында жеңіліп қалды
Бұл туралы ҚазАқпарат Астананың «Барыс» хоккей клубының сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Іріктеу турнирі Норвегияның Осло қаласында өтуде. Енді біздің команда келесі кездесулерін ақпанның 7-інде Даниямен, ал ақпанның 8-інде Франциямен өткізеді. Атап өтерлігі, тек топ жеңімпазы ғана 2010 жылы Канаданың Ванкувер қаласында өтетін қысқы олимпиада ойындарының жолдамасына ие болады.