Шайбалы хоккей: Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы сәтсіз өнер көрсетуде
АСТАНА. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Польшаның Криница қаласында шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі ойыншылардан тұратын «В» тобының 1-ші дивизионындағы ерлер командалары арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Павел Макеров жаттықтыратын Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Криницада екі матч өткізді. Біздің хоккейшілеріміз алдымен Польша құрамасымен кездесіп, 0:2 есебімен ұтылып қалды. Содан кейін Германия құрамасынан 1:11 есебімен ойсырай ұтылды. Ертең, сәуірдің 14-інде жерлестеріміз англиялық құрдастарымен ойнайды.