Шайбалы хоккей мен сырықпен секіру спорт түрлеріне арналған ескерткіш күміс монеталар айналысқа шықты

АЛМАТЫ. 28 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі 28 мамырдан бастап номиналдық құны 100 теңгелік «Шайбалы хоккей. Олимпиада ойындары 2014» және «Сырықпен секіру. Олимпиада ойындары 2016» ескерткіш күміс монеталарын айналысқа шығарды. Олардың бет жағында стадион бейнесінің ішінде Қазақстан елтаңбасы, сол жақ бөлігінде екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін жазу бар. Жоғарғы бөлігінде ҚР Ұлттық банкінің логотипі мен жазу ойып жазылған және шығыңқы жиек бар. Бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар, қыры бедерлі.
None
None

«Шайбалы хоккей. Олимпиада ойындары 2014»монетасында дайындалған металды, оның сынамын, массасын және соғылған жылын білдіретін «Ag 925 31,1g» деген жазу мен «2013» деген сан бар. Сырт жағында орталық бөлігінде хоккей алаңындағы ойынның сәті бейнеленген. Төменгі бөлігінде Олимпиада ойындарының өткізілетін жылын білдіретін «2014» деген сан мен ағылшын тілінде айналдыра жазылған «OLYMPIC GAMES» деген жазу және шығыңқы жиек бар. Бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі, қыры бедерлі. Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм., дайындау сапасы - «proof», таралымы - 8 мың дана.

«Сырықпен секіру. Олимпиада ойындары 2016»монетасында дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 24g» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан бар. Сырт жағында орталық бөлігінде спортшының сырықпен секіру сәті бейнеленген. Сол жақ бөлігінде Олимпиада ойындарының өткізілетін жылын білдіретін «2016» деген сан бар. Айналдыра ағылшын тілінде «OLYMPIC GAMES» деген жазу және шығыңқы жиек бар. Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 24 грамм, диаметрі - 37 мм., дайындау сапасы - «proof», таралымы - 8 мың дана.

Соңғы жаңалықтар