12:47, 17 Ақпан 2010 | GMT +5
Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының кезекті матчтарының нәтижелері
АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Кеше шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының кезекті матчтары өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Рудныйдың «Горняк» клубы Павлодардың «Ертic-Павлодар» командасынан 0:4 есебімен жеңіліп қалып, қарымта қайтара алмады. Еске сала кетейік, рудныйлық хоккейшілер бірінші ойында павлодарлықтарға овер-таймда 3:4 есебімен жол берген болатын. Ал, Көкшетаудың «Арлан» командасы болса қонақтағы екінші ойынында ерік-жігер танытып, Өскеменнің «Қазцинк-Торпедо-2» клубынан 4:2 есебімен басым түсті. Бірінші ойында өскемендіктер қарсыластарын 6:1 есебімен тас-талқан етіп ұтқан болатын. Ал, чемпионаттың көшбасшысы Қарағандының «Сарыарқа» клубы сырт айдында Атыраудың «Бейбарысын» 2:1 есебімен ұтты.