Шайбалы хоккейден Қазақстан федерациясының жаңа жаттықтырушылар құрамы бекітілді
АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Кеше Шайбалы хоккейден Қазақстан федерациясының кеңсесінде федерация бас директоры Юрий Зверевтің төрағалығымен кеңес өтті.
Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметінен хабарлады.
Кеңеске Астана, Алматы, Қарағанды, Рудный, Өскемен, Сәтбаев, Павлодар, Атырау және Көкшетау қалаларының хоккей клубтарының басшылары қатысты. Республикалық жарыстарды өткізу жөніндегі бөлім Қазақстан Республикасының ашық чемпионатының барысы туралы есеп дайындады. Басқа да көптеген өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ Қазақстанның Шайбалы хоккей федерциясының жаңа жаттықтырушылар кеңесіне кандидатуралар қаралды.
Кеңестен кейін өткен федерацияның атқарушы комитетінің отырысында Хоккей федерациясының жаңа жаттықтырушылар кеңесі мен бірінші лига командаларының арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының құрылымы бекітілді.