Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Нагано-2010 Кубогының ойындарына қатысады

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы ақпанның 9-ы мен 13-і аралығында Жапонияда өтетін Нагано-2010 Кубогының ойындарына қатысады,

Шайбалы хоккейден  Қазақстан   құрамасы  Нагано-2010 Кубогының  ойындарына   қатысады

деп хабарлады шайбалы хоккей федерациясының баспасөз қызметінен.

Ұлттық құраманың негізін елордалық «Барыс» клубының 17 ойыншысы құрайтын болады. «Қазақстан құрамасы үшін сондай-ақ Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын сегіз қазақстандық спортшы ойнайды. Олардың қатарында - Мәскеулік «Спартактың» капитаны Дмитрий Уппер, Новокузнецк «Металлургінің» шабуылшылары Евгений Бумагин, Федор Полищук және т.б. бар», делінген федерациясының баспасөз баянында.

«Нагано-2010» Кубогы» Германияда өтетін әлем чемпионаты қарсаңындағы құраманың сынағы ретінде қарастырылып отыр. 2004 жылы Қазақстан құрамасы Нагано турнирінің бас жүлдесін жеңіп алған еді.