Шайбалы хоккейден VIII ҚР Кубогының алғашқы ойын қорытындылары белгілі болды

СКЕМЕН. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өткен күні ерлер арасындағы шайбалы хоккейден Қазақстан Кубогының алғашқы ойынында «Бейбарыс» командасы «Қазақмыс» командасын жеңсе, турнир иелері, яғни өсекемендіктер «Ертіс» командасынан 2:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
None
None

VIII Қазақстан Кубогы басталар алдында өскемендік клубтың вице-президенті Юрий Петухов турнир қызықты болатындығын атап өткен. «Кем дегенде төрт команда - «Сарыарқа», «Бейбарыс», «Ертіс» және «Қазцинк-Торпедо» командалары елдің бас хоккей кубогы үшін күш сынасатын болады», - деді ол.

Қазақстандық хоккей турнирі тамыздың 28-і күні жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталады.

Соңғы жаңалықтар