Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан әлемнің үздік үштігіне кірді
АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) 2026/2027 жылғы маусымға арналған жаңартылған рейтингіні жариялады.
Мәнерлеп сырғанаушылар тізімінде Қазақстан құрамасының көшбасшысы 3 918 ұпаймен үздік үштікті қорытындылап тұр.
Көш басында АҚШ өкілі Илья Малинин (4 590 балл) келе жатса, екінші орынға жапониялық Юма Кагияма (4 123 балл) жайғасқан.
Шайдоровтан 279 ұпай артта келе жатқан Жапонияның тағы бір өкілі Шун Сато (3 639 балл) төртінші орынды місе тұтты. Франциялық Адам Сяо Хим Фа 3 625 ұпаймен үздік бестікке жайғасқан.
Айта кетелік Михаил Шайдоров кімді үлгі тұтатынын айтқан еді.