Шегіртке Ресей мен Қазақстан арасындағы бейтарап аумақта көбейіп жатыр
АҚТӨБЕ. 15 маусым. ҚазАқпарат - Ақтөбелік және орынборлық ауылшаруашылық мамандарының кездесуінде «Степное» ЖШС директоры Аманғос Төлеуов шегірткенің Ресей мен Қазақстан арасындағы бейтарап аумақта көбейіп, сол жақтан ұшып келіп жатқанын айтты. Алайда бұл жерлерді өңдеуге рұқсат берілмей отыр.
«Біздің жеріміз ресейлік алқаптармен шектесіп жатыр. Өз алқаптарымызда біз зиянкестер ұшып келмесін деп күн сайын кезекшілік етеміз. Бейтарап аумақты да химикаттармен өңдегіміз келеді, бірақ бізге рұқсат бермей отыр», - дейді ол.
Ол мемлекеттің арқасында пестицидтер мен техника толық көлемде бөлінгенін атап өтті.