Шегірткенің қаптауы: ШҚО-да химиялық өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы шегірткенің қаптауына жол бермес үшін фитосанитарлық өңдеулер жалғасып жатыр.

шегіртке
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Өңір шаруагерлері мамыр айының соңында шегірткенің шектен тыс қаптап кеткенін айтып, дабыл қаққан болатын. 

Белгілі болғанлай, биыл аймақ бойынша шекірткенің топ-тобымен және жеке түрлері – соның ішінде итальяндық прус пен азиялық түрлері таралғаны анықталды.

- Мониторинг пен химиялық өңдеу жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Кең аумақтар зерттеліп, қажет болған жағдайда тиісті қорғаныс құралдары қолданылады. Топ-тобымен таралған шегірткелерге қарсы шараларды Ауыл шаруашылығы министрлігі республикалық бюджет есебінен ұйымдастырады. Ал жеке түрлеріне қарсы күресті жергілікті атқарушы органдар облыстық қаржы есебінен жүзеге асырады, - деді ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қажыбекова.

2025 жылы ең белсенді ошақтар Зайсан, Күршім, Тарбағатай және Самар аудандарында тіркелген.

Бұл аудандарда арнайы техникамен, оның ішінде авиация арқылы өңдеу жұмыстары жүргізілді. Жұмысқа аграрлық салада тәжірибесі бар мердігер ұйымдар тартылған.

Еске салсақ, Ақтөбеде шегірткеге қарсы өңдеу жұмысы аяқталып қалғаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар