Шекара арқылы граната алып өтпек болған

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Қордай» кеден бекетінде мемлекеттік шекарадан өткелі тұрған жерінде Қырғызстанға велосипедпен бара жатқан 27 жастағы С., деген азамат ұсталды.
None
None
ҚазАқпарат бұл туралы Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Қордай аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Ерлан Иманбаевтың айтуынша, әлгі азамат құжатын тексеру кезде қолдары дірілдеп, кеденшілердің күдігін туғызған. Батылдау болу үшін «жұтып алған» ол қалтасына қол салған кезде, құжатпен бірге Ф-1 гранатасын түсіріп алады. Күдіктінің айтуынша, ол гранатаны Алға ауылының бір тұрғынының ұсынысы бойынша 2 мың сомға шекарадан алып өтуге келіскен. Баллистикалық сараптама тағайындалып, гранатаның алынған көзі пен жеткізілетін адамы тексерілуде. Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды заңсыз алу, беру, сату, тасымалдау немесе өзімен алып жүру факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ең аз дегенде 3 жылға бас бостандығынан айырылады.
Соңғы жаңалықтар