Шекара бойындағы түлектердің көршілес елдің оқу орындарына әуестігі азаймай тұр

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодар облысында биыл 11-сыныпты 5 482 түлек тәмамдайды. Олардың 1 589-ы ауылдық мектептердің түлектері.

Иностранные студенты принесли Казахстану 22 млрд тенге
Фото: Астана әкімдігі

Өңірлік білім беру басқармасының дерегінше, биылғы оқу жылында облыста 362 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеп тұр. Оларда жалпы саны 115,9 мың оқушы білім алып жатыр.

— 11-сыныптарды 5 482 түлек тәмамдаса, олардың ішінде 1589 түлек ауылдық жерлерде. Негізгі ҰБТ-ға 4934 түлек, яғни мектеп бітірушілердің 90%-ы қатысуда. Тестілеу 10 мамыр мен 10 шілде аралығында электрондық форматта екі тестілеу орталығында өтіп жатыр. Қаңтар мен наурыз айларындағы ҰБТ-ға түлектердің шамамен 90%-ы қатысты. Ең жоғары нәтиже — 137 балл екі түлекке тиесілі. Олардың бірі Ақсу қаласы Қызылжар ауылындағы орта мектепті, екіншісі Павлодар қаласындағы А. Байтұрсынұлы атындағы мектепті бітіргелі отыр, — деп хабарлады Kazinform тілшісіне өңірлік білім беру басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Азанбаева.

Облыста өзге елдің оқу орындарын таңдайтын түлектердің саны азаймай тұрғаны байқалады. Жыл сайын түлектердің шамамен 90%-ы еліміздің оқу орындарына түседі. Соңғы 5 жылда облыс мектептерін шамамен 22 мың түлек бітірсе, олардың 19,7 мыңы Қазақстанның жоғары оқу орындары мен колледждерінде білімін жалғастырған. Былтыр облыс мектептерін 5 048 түлек бітірсе, олардың 12 пайызы, яғни 600-і жақын және алыс шетелдің жоғары оқу орындары мен колледждеріне түскен. Соның ішінде шекара бойындағы Железин, Успен, Шарбақты, Тереңкөл аудандарының түлектердің дені ресейлік ЖОО-ларды таңдайтыны байқалады. Мамандар мұндай тенденция азаймай тұрғанын айтады.

Атап өтерлігі, 2025 жылы түлектердің шамамен 42%-ы IT, инженерия, автоматтандыру және цифрлық технологиялар бағыттарын таңдаған. Жастардың аталған салаларға қызығушылығының өсу үрдісі байқалады.

Бұған дейін Қазақстанда мектеп түлектері соңғы қоңырауға қанша теңге жұмсайтын жазғанбыз.