Шекара бұзғандар қолға түсті

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - 2009 жылғы қаңтардың 9-да түс ауа "Шопанқазған" шекара заставасының телімінде, Мемлекеттік шекара сызығын тексеру барысында, 2019 әскери бөлімнің қызметкерлері мемлекеттік шекараны бұзып өтпекші болған мемлекеттік нөмірі жоқ "Урал" маркалы мотоциклімен өзбекстандық екі азаматты ұстады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ұсталғандарды тексеру барысында 20 мм оқпанды мылтық, 6 дана оқ-дәрі, оқ қалта және дүрбі табылды. Жеке куәліктері жоқ. Өз сөздеріне қарағанда, жоғалған жеке меншік малдарын іздеуге шыққан көрінеді. Осындай жағдай 2009 жылғы қаңтардың 22-де бесін шамасында "Шопанқазған" шекара заставасының аймағында қайталанып, 2019 әскери бөлім қызметкерлері мемлекеттік шекараны "ВАЗ-2105" жеңіл автокөлігімен бұзып өтпекші болған, екі өзбекстандық және екі қазақстандық азаматты ұстады.
Соңғы жаңалықтар