17:33, 20 Қыркүйек 2010 | GMT +5
                                        Шекара қызметі 1 келіден астам героин алып өтпек болған Тәжікстан азаматын ұстады
                                            АСТАНА.  Қыркүйектің   20-сы.  ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ -     Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Батыс» аймақтық басқармасының «Бейнеу  темір жолы» шекаралық   бақылау  бекетінің шекарашылар    жасағы    1 келіден  астам  героин алып өтпек  болған   Тәжікстан  азаматын   ұстады.  
                                        
                                        
                                     
                                              Оқиға өткен демалыс күндері болды, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметінен.
Курьер «Қоджент-Саратов» пойызында ұсталды. «Тексеру кезінде одан жалпы салмағы 1 келіден аста героин заты тәркіленді», делінген хабарламада.
Бұл оқиға бойынша тексеру жүріп жатыр.