09:47, 11 Қараша 2013 | GMT +5
Шекара қызметі білгір мамандармен толықты
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Еліміздің шекара құрамы өз ісінің білгір мамандарымен толығуда.

Солардың бірі жас лейтенант Артем Аширов Воронеж қаласындағы РФ Қорғаныс министрлігінің «Әскери-ғылыми оқу орталығының «профессор Н.Е. Жуковский мен Ю.А. Гагарин аттарындағы әскери-әуе академиясы» жоғары кәсіби білім беретін федеральдық мемлекеттік қазыналық оқу орнын жақсы көрсеткішпен бітіріп келді.
ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов оқу үздігімен кездесіп, Мемлекеттік шекараны күзетуде де үздік нәтижелерге қол жеткізе беруіне тілектестік білдірді. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.