Шекара маңындағы мектептер мен медицина нысандарына қойылатын нормативтер өзгеруі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — «Шекара маңындағы мектептер мен медицина нысандарына қойылатын нормативтерді қайта қарайтын заң жобасы әзірленді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауапта айтқан. 

Шекара маңындағы мектептер мен медицина нысандарына қойылатын нормативтер өзгеруі мүмкін
Фото: Ақсу ауылдық округінің әкімдігі

— Үкімет депутаттармен бірлесіп «Шекара маңы аумақтарын дамыту туралы» заң жобасын әзірледі. Заң жобасы аясында мемлекеттік органдармен шекара маңындағы шағын жинақталған мектептерге, медициналық пункттерге, амбулаториялар мен емханаларға қойылатын нормативтерді қайта қарау мәселесі пысықталып жатыр, сонымен қатар бірқатар жаңашылдықтар көзделген, — деп жазылған ресми жауапта.

Үкіметтің мәліметі бойынша, қазір республиканың шекара маңындағы аудандарында 1405 білім беру ұйымы (оның ішінде: балабақшалар — 710, мектептер — 658, колледждер — 37) жұмыс істейді. Ал осы білім нысандарында 239 мыңнан астам оқушы білім алады.

Еске салсақ, Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың атына сауал жолдап, «Ауыл ел бесігі» жобасының кейбір шарттарын өзгертуді ұсынған еді

Соңғы жаңалықтар