Шекарада 636 млн теңгеден асатын декларацияланбаған қаражат анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық Қауіпсіздік комитеті заңсыз валюта алып өтуге қатысты 38 әрекеттің жолын кесті.
ҰҚК Шекара қызметі ақша қаражатын елден заңсыз алып шығуға жол бермеу бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді.
Тек 30 маусым мен 7 шілде аралығында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде осындай 38 әрекет анықталды.
— Нәтижесінде жалпы сомасы 636 миллион теңгеден астам декларацияланбаған валюта анықталды. Жекеленген жағдайлардың бірінде, ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің «Қордай» автокөліктік шекаралық бақылау бөлімінде шетел азаматының жүгін тексеру барысында 350 000 АҚШ доллары (170 037 000 теңге) анықталды. Аталған факті бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды, — делінген хабарламада.
ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республика аумағынан (10 мың АҚШ долларынан баламасынан асатын) соммадағы қолма-қол ақша қаражатын шығаруға тыйым салынатынын еске салады.
Бұған дейін ҰҚК шекарада 6,9 млрд теңгенің декларацияланбаған валютасын алып өтпек болғандарды тоқтатқаны белгілі болды.