Шекарада құжаты жоқ дәрі-дәрмек тәркіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулік ішінде Қазақстан - Қытай шекарасында медициналық дәрі-дәрмектерді заңсыз түрде шекарадан өткізбек болған азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Шекарада құжаты жоқ дәрі-дәрмек тәркіленді

Атап айтқанда, «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінің шекара жасағы Қытай елінен Қазақстанға келе жатқан 32 жастағы отандасымызды ұстауға мәжбүр болды. Оның жеке заттарын қарау кезінде арасынан ілестірме құжаттары жоқ, салмағы 25 кг болатын қытай елінде шығарылған дәрі-дәрмектер табылды.  

Аталған дерек бойынша өзара әрекеттес құқыққорғау органдары хабарландырылды.