12:38, 18 Қазан 2024 | GMT +5
Шекарада өзге елдің азаматтығы бар жеті қазақстандық ұсталды
АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылдың 14 мен 16 қазанында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде басқа мемлекеттің азаматтығы бар Қазақстан Республикасының жеті азаматын ұстады.
Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен мәлім болды.
Ұсталған адамдар одан әрі қару үшін полиция органдарына берілді.
Жыл басынан бері шекарашылар қос азаматтығы бар 935 адамды анықтады.
«ҰҚК Шекара қызметі ҚР заңнамасына сәйкес екінші азаматтықтың болуы 200 АЕК-ке дейін айыппұлмен немесе әкімшілік шығарып жіберумен жазаланатынын еске салады», -делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Осыған дейін Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында бір тонна сүтті заңсыз өткізбек болғаны туралы жаздық.