19:17, 24 Мамыр 2013 | GMT +5
Шекараны заңсыз кесіп өткен ресейлік азамат шартты түрде 1 жылға сотталды - БҚО
ОРАЛ. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін ресейлік азамат шартты түрде бір жылға сотталды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, көршілес Орынбор облысының азаматы биылғы ақпан айында БҚО-ның шекаралас ауылында тұратын анасына жаяу келген. Шекара бекетінің бар екенін, екі араны Елек өзені бөліп жатқанын біле тұра ол осылайша «қонақ болған». Сотта түсіндіргеніндей, автобус не автокөлікке мініп, шекара бекетіне барып, құжат рәсімдеуге оның ақшасы болмаған.
Шыңғырлау аудандық соты шекараны заңсыз кесіп өткен ресейлік азаматты айыпты деп танып, шартты жаза кесті.