Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шекараны заңсыз кесіп өткені үшін алты айға колонияға қамалды - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. 13 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Шарбақты аудандық соты Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен Намаззаде Равиль Азер-оғлының (Әзірбайджан) қылмыстық ісін қарады,

Шекараны  заңсыз  кесіп өткені үшін  алты айға колонияға   қамалды  -  Павлодар облысы

деп хабарлады Павлодар облыстық сотынан.

2010 жылдың желтоқсан айында Р.А.Намаззаде автобуспен Ресейден Қазақстан жаққа бет алған. Шекараға жеткеннен кейін ол мемлекеттік шекараны құжатсыз және рұқсатсыз, «Шарбақты» тексеру-өткізу бекетінен 50 метрдей жерден, сым қоршау арқылы кесіп өткен.

Бергі жақта, мемлекеттік шекара сызығынан бір шақырымдай жерде орналасқан «Достық» дәмханасында оны ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі әскери бөлімінің қызметкерлері ұстады.

Әзірбайжан азаматы ҚР қылмыстық кодексінің 330-бабы 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, жалпы режимдегі колонияға 6 айға кесілді.