15:53, 28 Қаңтар 2025 | GMT +5
Шенеуніктердің табыс декларациясын жариялау мәселесін антикор реттейді
АСТАНА. KAZINFORM – Қаржы министрі Мәди Такиев Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында табыс декларациясын жариялауға міндетті лауазым иелері қашан деректерін көпшілік назарына шығаратыны туралы пікір білдірді

- Табыс декларациясын жариялау мәселесін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айналысады. Сол орган бұйрық әзірлеген. Қазір сол бұйрық жобасы мемлекеттік органдардың мақұлдауынан өтіп жатыр. Қай мерзімде тапсыратыны, қандай мәліметтер жариялауға жататыны сол бұйрықта көрініс табады, - деді Мәди Такиев.
Еске салсақ, былтыр күзде 8 млн қазақстандықты жалпыға бірдей декларациядан босату туралы шешім қабылданған еді.