Шерушілер Таиландтың Үкімет үйінің бас қақпасына қан шашты

АСТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Шерушілер қан жинап, оны кеше Таиландтың Үкімет үйінің бас қақпасына шашты,

Шерушілер  Таиландтың Үкімет үйінің бас  қақпасына  қан  шашты

деп хабарлады ИТАР-ТАСС агенттігі. Шерушілердің айтуынша, бұл акция «үкіметтің атына айтылған қарғыстың символы іспеттес». Осынау акциядан кейін белсенділердің бір бөлігі Демократиялық партияның штаб-пәтеріне бет алды. Ал Таиланд үкіметі елдегі жағдайдың бақылауда екенін хабарлауда.

Оппозиция жақтаушылары «үкіметтік мекемелерге шашу үшін», дүйсенбі күні бойы 300 литрдей қан жинаған. Олардың пікірінше, «кедей-кепшіктердің қаны демократия үшін күресудің символы. Олардың қаны төгілген жермен шенеуніктер жүре алмаулары керек және министрлер кабинетіндегі лауазымдарынан бас тартулары керек».

Ел премьер-министрі Абхисит Ветчачива дүйсенбі күні өзіне қойылған шартты орындаудан және парламентті таратудан бас тартқаннан кейін, шерушілерді бастап отырған Демократия жолындағы біріккен майдан қозғалысы осындай шараға барып отыр.