Шерзат Полаттың үйін өртеуге қатысты қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Марқұм Шерзат Полаттың үйін өртеу фактісі бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Саденов мәлім етті.

сожженный дом Шерзата Болата
Фото: Александр Павский/ Kazinform

— Іс арнайы прокурордың қарауында. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, мән-жайын айта алмаймын. Жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Бақылауда ұстап отырмыз, — деп қысқа қайырды Ержан Саденов Мәжілісте БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Сондай-ақ министр Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы фактісі бойынша да іс тергеліп жатқанын тілге тиек етті.

Бұған дейін Ішкі істер министрі марқұм Шерзат Полаттың әкесіне қатысты іс қозғалмағанын айтқан еді. 

Биыл 5 маусымда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. 

Сонымен қатар Шерзат Полаттың ісінде кім рақымшылыққа ілінуі мүмкін екенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар