Шерзат соты: сот моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.

Сот шешімімен азаматтық талаптың бір бөлігі қанағаттандырылды.
Жәбірленушілер Қаржаубай Нұрымов, Гүлбара Бишімбиева және Жұмабике Қадирова әрқайсысының пайдасына Абзал Шынасылдан 20 миллион теңгеден моральдық өтемақы өндірілсін деп шешілді.
Сонымен қатар мемлекет пайдасына 1981 теңге көлемінде мемлекеттік баж салығы алынады.
Равиль Сакиевтен Қаржаубай Нұрымов және Жұмабике Қадироваға әрқайсына 15 миллион теңге моральдық өтемақы, сондай-ақ 1981 теңге мемлекеттік баж салығы өндірілсін.
Шыңғыс Белғожаев, Нұрқияс Ілиясов, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет, Азамат Тоқтаубаев және Равиль Сакиев ортақ жауапкершілікпен Гүлбара Бишімбиеваның пайдасына 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлейтін болады.
Ш.Белғожаев, Н.Ілиясов, Д.Әскентай, Н.Тоқтаубаев, Д. Қалиахмет, А.Тоқтаубаевтан жәбірленуші Қаржаубай Нұрымов пен Жұмабике Қадированың пайдасына да ортақ жауапкершілікпен 10 миллион теңгеден өтемақы төлеуге міндеттелді.
Бұған дейін, айыптаушыларға қандай жаза тағайындалғанын жазған болатынбыз.