Шешенстанның жұмыссыз тұрғынының үйінен 100 келі жарылғыш зат табылды

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Полицейлер Шешенстанның Шатой ауданында көзі жойылған содырдың әкесінің үйінен 100 келіден астам жарылғыш зат тапты. Бұл туралы құқық қорғау органының қызметкері мәлім етті, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі
None
None

«Полиция аудан орталығының Речной көшесіндегі жұмыссыз ер адамның үйі жанынан 82,8 келі тротил және 35,8 келі гексоген тапты. Жедел ақпарат бойынша, жарылғыш заттардың иесі 2010 жылғы желтоқсанда арнайы операция барысысында құртылған заңсыз құрылымдарға қатысушы, үй қожайынының ұлы болған», деді полицей. Бұл факті бойынша тексеру амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар