Шет мемлекеттердің Елшіліктері Лондонға 145 млн фунт қарыз. Тізімде Қазақстан да бар

Лондон
Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – Лондон мэриясының бақылауындағы британдық Transport for London (TFL) мемлекеттік компаниясы 20 жыл бойы ақылы жолдармен жүргені үшін ақша төлемеген қарыз Елшіліктердің тізімін жария етті.

Сөз Лондонның орталық бөлігіне кіретін көліктерден алынатын 15 фунт мөлшеріндегі алым жайлы болып отыр. Бұл алым 2003 жылы көлік кептелісін азайту, зиянды шығарындылар көлемін қысқарту және британ елордасының орталық бөлігіндегі ауа сапасын жақсарту мақсатында енгізілген болатын. 

Бастапқыда Лондон орталығына кіргені үшін алынатын төлем үніне 5 фунтты құраға еді. Одан кейін ол бірнеше рет көтерілді. Атап айтқанда, 2005 жылдың шілдесінен 8 фунт, 2011 жылдың қаңтарынан 10 фунт, 2014 жылдың маусымынан 11,5 фунт, ал 2020 жылдың маусымында 15 фунтқа көтерілді. 

Тізімнің басында 14,6 млн фунт қарызбен АҚШ тұр. Одан кейінгі елдердің қарызы мынадай: Жапония — 10 млн фунт, Үндістан — 8,5 млн фунт, Нигерия — 8,4 млн фунт, Қытай — 7,9 млн фунт, Ресей — 6 млн фунт, Польша — 5,2 млн фунт, Гана — 5 млн фунт.

«1961 жылғы Дипломатиялық қарым-қатынас туралы Вена конвенциясында көрсетілгендей, халықаралық құқыққа сәйкес, біздің ұстанымыз мынадай: ақылы жол аймағында жүргені үшін алынатын төлем салық саналады. Ал дипломатиялық қызмет салықтан босатылған. Біздің мұндай ұстанымызды Лондондағы көптеген дипломатиялық миссия қолдайды», - деп мәлімдеді Лондондағы АҚШ Елшілігінің баспасөз қызметінен. Бұл жайында Daily Mail басылымы хабарлады.

Қазақстан тізімде 9-орында тұр. Қарызы – 4 652,755 (шамамен 5,9 млн доллар) фунт. 

«Біз және Ұлыбритания Үкіметі ақылы жол аймағында жүргені үшін алым – бұл қызметке төлем, салық емес екендігін атап өтеміз. Демек, дипломаттар оны төлеуден босатылмайды», - делінген Transport for London мәлімдемесінде. 

Сонымен қатар мәлімдемеде Лондондағы Елшіліктердің басым бөлігі алымды төлейтіндіктерін, тез кейбір дипломатиялық миссиялар төлемей отырғандығы айтылады. Алымды төлемдегендерді БҰҰ-ның халықаралық сотының қарауына шығаратындықтарын да ескертеді. 

Британиядағы Елшіліктер 2003-2023 жылдары аралағында Лондонның ақылы жолдарымен жүргендері үшін жалпы 145,5 млрд фунт қарыз болып отыр.

Соңғы жаңалықтар