Шетел азаматтары жасаған экономикалық контрабандалық фактілер анықталды

Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мәселен, Жамбыл облысында Қырғыз Республикасының азаматы Р. Бұтыншиев 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Шу ауданында Қазақстан Республикасына заңсыз кіргізілген, құны 4,5 млн.теңге болатын халық тұтыну тауарларымен қолға түсті. Оған қоса өзін қылмыстық жауапкершілікке тартпауы үшін қаржы полициясы қызметкеріне 5 мың АҚШ долларын пара ретінде ұсынған, алайда 3 мың АҚШ доллары көлеміндегі параның бір бөлігін беру үстінде ұсталды», деді ресми өкіл.
М. Жұманбайдың айтуынша, Алматы облысында Қытай азаматы қылмыстық жауаптылыққа тартылуда. Ол жалған құжаттарды қолдану жолымен «Қорғас» кедендік бекеті арқылы жалпы құны 1,5 млн.теңгелік 18,5 тонна көкөністерді заңсыз өткізген.