Шетел инвестициясын тартудағы Қазақстан тәжірибесін кең контексте пайдалануға болады - РФ Президентінің кеңесшісі

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Шетел инвестициясын тартудағы Қазақстан тәжірибесін кең контексте пайдалануға болады. Бұл туралы бүгін VI Астана экономикалық форумы аясында өткен «Көшбасшылар сұхбатында» РФ Президентінің кеңесшісі Сергей Глазьев мәлім етті.
None
None

«Қазақстан шетел инвестициясын тартуда ең озық елдердің бірі ретінде алға шықты. Қазақстандық жобалар мемлекеттің ұлттық басымдылығы мен әлемдік нарықтан ұзақмерзімді инвестицияларды тарту үдерісін қалай үйлестіру қажет екендігін көрсетті. Меніңше бұл тәжірибені бұдан да кең контекстте пайдалануға болады. Себебі қаржылық дағдарыс деп айтқанымызбен, оның шығар жолы жаңа технологиялардың дамуында жатыр», - деді С.Глазьев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта технологиялық саланың дамуы - экономиканы дағдарыстан шығаратын бірден бір шара.

Соңғы жаңалықтар